image

Мен сияқты блогты тек өзі үшін, яғни блогты блог үшін жүргізетіндер үшін аса қажеті болмас. Бірақ блогты SMM құралы ретінде пайдаланатындар үшін жақсы материалмен бөліскелі отырмын. Жазба блогты неге тастауға болмайтыны туралы.

Авторы — Crazy Egg және Hello Bar сайттарын құрушылардың бірі Нил Патель (Neil Patel). Ол Amazon, NBC, GM, HP and Viacom сияқты сайттардың сатылымын арттыруға да көмектеседі екен.

«Интернет-маркетинг — бұл спринт емес, марафон. Он жылдық тәжірибесі бар адам ретінде айтарым, кейде блог жүргізудің шаршатып жіберетіні, кейде тастап кеткің келетіні рас. Бірақ еңбегіңнің ақталатынына сенімді болыңыз. Кейде басыңды тауға ұрғандай, нәтиже шықпайтындай көрінуі мүмкін, бірақ төккен теріңіздің ақталатынына сеніңіз. Аудиторияңыз көбейіп, адамдардың сенімі арта түседі. Тек тоқтамаңыз», — деп, блог жүргізудің пайдасы, оны тастап кетудің кәсібіңізге тигізер кері әсері туралы графиктермен дәлел келтіре отырып жазады. (Нильдің сөзі — өзімнің еркін аудармам)

Жалпы, журналист боламын, маркетингпен айналысам деушілерге оқып көруге кеңес беремін.

Сурет те сол жерден алынды.