Мен сүйіп оқитын Стивен Кинг


Қараша айының соңында Теодор Драйзердің «Қаржыгерін» (The Financier) бастағанымды жазып едім. Әлі ортасына да жеткен жоқпын. Тіпті бестен бірін де тауысқан жоқпын. Бірақ міндетті қайта ораламын.

Оқуды жалғастыру

Бүгін – ағамның дүниеден өткеніне тура бір жыл. Өмір деген қалай жылдам өтеді… Күні кеше сияқты еді. Алтын ағам менің…

11-і күні дүниеден өтіп, 13-і күні Амалдың алғашқы қарымен бірге жерлеген едік.

Мен оқыған жаңа кітап: The Interpreter


Екі күн бұрын Чарльз Рандольфтің «Тілмаш» (The Interpreter) деген шығармасын тауыстым. Оқып отырып, детектив кино көріп отырғандай əсерде болдым. Детектив киноларды қызығып қарағаныммен, əдеби шығарма түрінде ұнамайтынын ұқтым.

Оқуды жалғастыру

«Can you keep a secret» қандай кітап?


Софи Кинселланың кітабын оқып бітірдім.

Негізі, орыс не қазақ тілінде болса, ғұмыры оқымайтын кітабым еді. Айтар ойы өте жеңіл кітап. Бір реттік дер едім. Яғни қайталап оқудың, қойын кітабыңа айналдырудың қажеті жоқ жəне айнала алмайтын кітап.

Оқуды жалғастыру

Өлімнің өкініші


Өлім туралы жазу қандай ауыр. Жазғым да келмей жүрген. Бірақ…

Наурыз айында алтын ағамнан айырылып қалдық. Жаны жəннатта болсын, асыл адам еді. Адамның төресі болатын. Көп ауырмады, ауруханаға түсті де жедел түрде ота жасалды. Отасы сəтті шыққан, жаны аман қалды деп жұбандық. Бірақ отадан кейін үш күн ұйқыда жатты да, көзін ашпаған күйі мəңгі ұйқыға кетті. Бəрі бас-аяғы бір аптаның ішінде болды. Ешкім ес жиып үлгермеді. Бір-ақ апта. Сөйтіп, Амал айының алғашқы ақша қарымен бірге ағамды жерлеп қайттық. Өйткені Амал бізге басқа амал қалдырмады.

Мұның бəрін не үшін жазып отырмын?!

Оқуды жалғастыру

Қайта оралу


Осыдан бес жыл бұрын журналистік қызметімді тастап, бір мекемеге ауысып кетіп едім. Басында бір кабинетте отыру, офистік жұмыс ұнамай жүрді. Шыдай алмайтыным сонша, түскі мезгілде территорияны айналып келетінмін. Енді қазір қайтадан журналистикаға оралып жатырмын. Офистік жұмысқа үйреніп кеткенім сонша, кабинеттен шыққым келмейді. 🙂

Бастық


Өткенде жұмыста жүргізуші екеуміз ауыр қораптарды түсіріп жатқанбыз. Жанымыздан көрші кабинетте отыратын бөлім бастығы өтіп бара жатты. Жүргізуші «Көмектесіп жіберші»,– деген. Бірақ ол қайырылмай кете берді. Мен «Қызықсыз, ол бастық қой. Қорап көтермейтін шығар»,– деп едім, жүргізуші: «Бастық еркек емес пе?»– деді. Ойланып қалдым…

Блог жүргізуді неге тастауға болмайды?


image

Мен сияқты блогты тек өзі үшін, яғни блогты блог үшін жүргізетіндер үшін аса қажеті болмас. Бірақ блогты SMM құралы ретінде пайдаланатындар үшін жақсы материалмен бөліскелі отырмын. Жазба блогты неге тастауға болмайтыны туралы.

Оқуды жалғастыру

Ырым-тыйым туралы


— Неке жүзігімді тауып алдым. Қайда домалап кеткенін қара, — деді Сара деген әріптесім.
Бәріміз оның нұсқаған жеріне қарадық. Сөйтсек, сақина киім салатын шкафтың есігіне қыстырылып қалыпты.

Оқуды жалғастыру